Нұрлан Мәукенұлы 1960 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.

Бала Нұрлан

Әжесі өлеңші кісі болыпты. Айтысып, жеңіп кететін. Анасының айтуынша, Нұрланға ақындық сол кісіден дарыған.

Еңбек жолы

Нұрлан Мәукенұлы 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы КИМЭП-тің саясаттану бөлімін бітірген. Ол еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. Кейін «Ана тілі» — »Жалын» бірлескен басылымы бас редакторының орынбасары болып істеді.

Шығармашылығы

Ақынның «Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1995 жылы «Бойтұмар» алғашқы жыр жинағы жарық көрді. 2008 жылы « Сұңқарбұлақ» атты поэзиялық кітабы шықты. Нұрлан бірнеше мүшәйралардың, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған. Ақын өмірден өткен соң «Зерде» қайырымдылық қоры мен «Жұлдыз» журналының ұйымдастыруымен Н.Мәукенұлы атындағы жыр мүшәйрасы өткен.

Болмысы қандай болған?

«Негізі, Нұрланның мінезі тұйық, көп адаммен аралас-құраласы жоқ, саяқ­тау жүретін. Отырыстарда топты жарып, сөз сұрап, «мен білемін, мен айтайын» де­ген кеудемсоқ мінезден ада, өзіндік көр­кем мінезі, өзіндік жұмбақ жан әлемі бар жігіт-ті. Қаламынан керемет ойлы жыр туып жатса да ол студент жыл­дары басылым беттеріне өз өлең­дерін көп жариялай қойған жоқ. Сту­дент бола жүріп, алғашқы кітаптарын шыға­рып үлгерген пысықайлардың қа­тарынан емес-тұғын» (Нұртөре Жүсіптің естелігінен).

1 пікір

  1. Нұрлан сыршыл ақын, шыншыл азамат болатын. Соңғы екі фотода Нұрлан жоқ, оның екі курстас достары Бейбіт Сапаралы мен Алтынбек Сәрсенбай бейнеленген.

Пікір қосу