Cайын Мұратбеков — аса көрнекті жазушы, шебер аудармашы, Казақстанның

еңбек сіңірген қайраткері.

Туған жылы: 15 қазан, 1936 жылы (2007)

Туған жері: Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылы

Білімі:

  1. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған (қазіргі ҚазҰУ)
  2. 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген

Еңбек жолы:

  • 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері;
  • 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында
  • «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі;
  • Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші;
  • Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры;
  • 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкері;
  • 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы;
  • 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;
  • 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры,;
  • 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы;
  • XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

 Шығармалары:

  • «Менің қарындасым» (1961)
  • «Ауыл оты» (1964)
  • «Көкорай» (1967)
  • «Отау үй» (1968)
  • «Жабайы алма» (1972)
  • «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары
  • Ттаңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж.
  • Екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген
  • 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.

Марапаттары:

  • 1981 ж. КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған;
  • 1984 -1989жж. ХІ -шақырылған Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесінің депутаты;
  • 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы;
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
  • Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты;
  • 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Пікір қосу