Серік Ибрагимов

Қазақстанның танымал жас эстрада әншісі Серік Ибрагимов отбасын құрды. Ол қазақтың дәстүрі бойынша Айнамкөз есімді аруды айттырып, жеңгелері сырғасын салып, кеше қыз ұзату тойы өтті.

Саксофон ұстаған жігіттің қуанышына қазақ эстрадасының көптеген танымал жұлдыздары қатысты. Олардың арасында Ернар Айдар, «Кеш you» тобы, әншінің продюсері Алтынбек Рахметов және т.б жұлдыздар болды.

Тойдан тікелей репортаж жасап «КешYou» тобының әншісі Балжан Серіктің бұдан 5 жыл бұрын Айнамкөзге арнап шығарған әнін оқырмандар назарына ұсынды. Тойда қалыңдығына ән арнаған Серіктің махаббаты ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Тойдағылар көз жасын жасыра алмады.

Пікір қосу