Шымкент қаласындағы №54 мектептің 38 адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Бул туралы Азаттық тілшілері хабарлады.
Денсаулық сақтау органдарының мәлімдеуінше, 38 адамның бірі- мектеп мұғалімі, бірі- техникалық қызметкер.
«Дәрігерлер тарапынан алғашқы көмек көрсетілген соң, 24 адам үйлеріне қайтты. Ал он екі адам ауруханада. Уланған адамдардың саны көбеюі мүмкін.», — деп хабарлады Денсаулық сақтау органының пресс-секретарі Лаура Нәкімқызы.
Дәрігерлердің аутынша, балалар газдан уланған. Бірақ мектеп басшылары мектепте газ жоқ екендігін, ал жылу жүйесінің өшірілгендігін айтады.