Алматыда көлік жүргізушісі аялдамаға келіп соғылып, үш адамды қағып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Оқыс оқиғасы Тәтібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында болды. Зардап шеккен үш адам түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Нәтижесінде екі әйел қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жүргізуші мас болғандықтан көлікті басқара алмай қалған.
Алматыда аялдамада қаза тапқан екі әйелдің ісіне байланысты күдікті қамауға алынды. Тәттібеков пен Коперник көшелерінің қиылысындағы апатта екі әйелдің қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қалалық прокуратура бақылауына алды, іс жүргізетін прокурор тағайындалды. Прокуратураның мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру») тергеледі. «Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», — деп хабарлады прокуратурадағылар.