Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жоғары медициналық колледж ғимаратын аралап көрді және оқу орнының қызметі туралы есепті тыңдады. Бұл туралы Алматы әкімшілік баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша колледжде бюджеттік қаржыны орынсыз жұvсау фактілерінің және бухалтерлік есеп пен салықтық көрсеткіш арасында сәйкессіздіктің орын алғандығын айтты.
Тіпті, колледж директоры 2019-2020 жылдарғы оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысты алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінішті уақтылы бермеген, ал бұл оқу орны басшысының кезек күттірмейтін басты міндеттерінің бірі болып табылады. Демек, колледж оқушылардың жалпы санының 60 пайызын қамтитын мемлекеттік тапсырысты орындамаған, осының салдарынан қаланың медициналық ұйымдарында орта буын кадрлар жетіспеуі және абитуриенттердің, оның ішінде аз қамтылғандар арасында әлеуметтік шиеленістің туындауы мүмкін.
«Денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлінуде, алайда тұрғындар тарапынан медициналық қызмет сапасына жыл сайын шағымдар көп түсуде. Бұл — дәрімен дұрыс қамтамасыз етпеу, қызметкерлердің дөрекілік танытуы. Маған қазір ғана баяндағандай, кейбір медицина ұйымдарының басшыларына кірудің өзі қиын екен, олар өздерін дәл патшалардай сезінетін көрінеді. Тіпті, кейбіреулер жеке ісімен айналысып, жұмыс орындарына келмейді екен, соның сладарынан еңбек ұжымы зардап шегуде. Жемқорлыққа қарсы күресте біз халыққа жүгінетін боламыз. Бірде — бір арыз, бірде -бір шағым ескерусіз қалмайды», — деді Бауыржан Байбек.