– Төреғали, Павлодарда болған келеңсіз оқиғаға  достарыңыз арасында қуанғандар да болды дейді. Бұл рас па?

– Бұл жағдайдың тарихы былай. Павлодардағы оқиға болардан бұрын менің фильм түсірмек ойым болды. Бұл «Айхай–25» атты концертіммен қатар шығу керек еді. Сөйтіп, фильмнің сценарийі үшін «Назар аудар» театрының жігіттеріне ұсыныс айттық. Сценарийді Әбусайыт Төлегенов пен «Назар аудар» тобының жігіттері жазып шықты. Бір-екі ай өткеннен кейін олармен жолығып сценарийді талқыладық. Олар маған фильмнің қандай тақырыпта болатынын ауызша айтып берді. Негізі, бұл маған арналып жазылған сценарий емес, бір жұлдыздың өмірі туралы фильм еді. Жұлдыздың жұлдызды сәті жанып тұрған кезде тылсым күштің әсерімен оны ешкім танымай қалады. Жігіттер фильмнің желісін айтып жатқан кезде менің көңілім кілт ете қалды. Фильмді толық түсіндіріп, әңгіме басқа тақырыпта өрбісе де жаңағы сәт менің есімнен кетпей қойды. «Бір күн ішінде халық танымай қалған жұлдыз» жайлы ойланып қалдым. Кейіннен фильмге дайындық жұмыстары жүріп жатқан тұста Павлодардағы келеңсіз оқиға болды. Достарымның барлығы өкінішін білдіріп, қолдап жатқан кезде Әбусайыт хабарласып: «Бұл жағдайдың туғаны жақсы болды, біздің сценарийімізге дәл келді», – деп қуанғанын айтты. Одан кейін «Назар аудардағы» жігіттер хабарласты. Қарасам, бұл жағдайға олардан артық ешкім қуанып жүрген жоқ екен. Олар тіпті «Павлодардағы оқиға біздің фильміміз үшін жақсы болды» деп қояды. Әрине, сені ешкім танымай қалу – фантастика, алайда менің өмірімде бұдан да сұмдық жағдай болды ғой. Шағымданып жатқаным емес, бұл жағдай – менің өмірімдегі үлкен сынақтардың бірі. Осы сценарий жазылып жатқанда Рамазан айы еді. Сценарий жазып жатқан жігіттердің бәрі ораза ұстаған болатын. Менің ойымша, сол мезетте жігіттер менің тағдырымның жазмышына бірдеңе жазғандай болып көрінді. Ешкім түсіндіре алмайтындай, тылсым дүние болған секілді. Бір күнде мені ешкім танымай қалмаса да, одан да жаман оқиғаны бастан өткіздім. Бұл жағдайды менен артық ешкім түсінбейді. Бүкіл халықтың тең жартысы бетіңе түкіріп жатса, «елден қуу керек» десе, оған ешкім қасқайып қарсы тұра алмайды. Одан да біреудің ұрғаны жақсы еді. Осы жағдай басымнан өткеннен кейін барып әлгі сценарийдегі рөл менің бойыма сіңді. Бұдан кейін басқа фильм түсіретін болсақ та, ол нәрсені бастан кешірмей, іштей сезінбей жұмысты бастамау керек екенін түсіндім. Бұл оқиға болмаса, менің рөлім жасанды болып қалатын ба еді? Фильмге шынайы өмірімде болған жағдайларды қоссам, мүмкін одан да қызық болар ма еді?Картинки по запросу ұлы дала комедиясы

– Демек, бұл фильмде сізді актер ретінде емес, шынайы образыңызды көреміз ғой?

– Өтіріктен басталған дүниенің соңы шынайылыққа апармайды. Бұл фильмде өзімді ойнап шықтым. Өзімнің шынайы бейнемді көрсеттім. Оны қашанғы жасыра беремін? Мен сондай адам болсам, қашанға дейін өтірік мәдениетті, тәрбиелі адам болып жүремін? Жасанды мінезбен жүргім келмейді. Қысқасы, қасымда жүрген әріптесімді сәл жақсы көрмей қалсам, қырағы халық соны да байқайды. Қанша жерден артис, сужұқпас суайт болсаң да өтірік істегеніңді көрермен байқап қалады. Мысалы, мен Еркемен дуэт айттым. Егер Еркені жек көретін болсам, онымен дуэт айтар ма едім? Дуэтті Еркені жақсы көргеннен кейін айтамын. Мөлдірді де қатты жақсы көремін. Мен дуэт айтқан қыздардың осалы жоқ деп ойлаймын. Халықтың талғамы қандай болса, менің де талғамым сондай. Олар елдің сүйікті әнші қыздары. Мен де халықтың бір өкілімін.

– Фильмді түсіруге қанша уақыт, қанша қаржы кетті?

– Үш ай бойы дайындалдық. Режиссер таңдауға біраз уақытымызды кетірдік. Ал фильмнің өзі бір айда түсіріліп бітті. Фильмнің бас продюсері де, демеушісі де – әкем. Фильмге 300 мың АҚШ долларын жұмсадым.Картинки по запросу ұлы дала комедиясы

– Әдетте әншілер бірінші өзін актер ретінде бірнеше рет сынап, содан соң ғана өздері фильм түсіруге бел буады. Сіз бірден фильм түсіремін деп шештіңіз бе?

– Фильмге түсу, актер болу – менің бала кезгі арманым. Осы арманым үшін актерлік мамандықты меңгердім. Актерлік мамандықта оқып жүрген кезде айтыстағы жұлдызым жарқырап жана бастады. Оның үстіне ол кезде өз мамандығым бойынша жұмыс істеуге мүмкіншілік болмады, сөйтіп айтыстың көшіне ілестім. Бірақ кейін айтыста көп оппозиция айтып кеттік те, мен айтыстан алшақтап ән айтайын деп шештім. Ал фильм түсірудің уақыты енді ғана бұйырды. Шынын айтқанда, фильм түсіру оңай шаруа емес екен. Тірнектеп тапқан біраз қаржымызды жұмсадық. Есесіне, үлкен тәжірибе жинақтадым.

– Неге таңдау осы түсірілім тобына түсті?

– Шынымды айтсам, түсірілім тобын әкемнің өзі қалап таңдады. Өз ісінің мамандары, әрі қазақы қалжыңды түсінеді деген ниетпен осы түсірілім тобымен жұмыс істедік.

– Енді әңгімемізді отбасыңызға қарай бұрсақ. Үш жыл өткен соң ғана үйлену тойыңызды өткіздіңіз, бұған не себеп болды?

– Біздің Оңтүстік жақта бірінші келінді түсіреді. Беташар жасағаннан кейін тойды жасаса да, жасама са да өзі біледі. Мен өз басым «үйленген кезде міндетті түрде мейрамханада той жасау керек. Ол үшін жақсы қаражатың болу тиіс» деген түсінікке қосыла қоймаймын. Адам үйленгеннен кейін ғана байиды, несібесі молаяды деп ойлаймын. Ерте үйленуден ешқашан қорықпау керек. Маған «ертерек үйлен» деп ақылын айтқан эстрададағы ағам Еркін Нұржан еді. Ол кісі: «Төреш, ертерек үйлен. Үйлену несібеңді көбейтеді», – деді. Сондықтан мен ерте үйленіп, ал тойды асықпай, қаржы жинап жинақталып болып жасадым. Анам: «25 жасқа келген кезде үйленесің. Нағашы ағаң Мейірхан 25 жасында үйленді, бәріне үлгерді», – деп жүретін. Алайда анам Толқынды көрді де: «Осы қызды алсаң алдың, алмасаң, мені шешем деп есептемей-ақ қой», – деді. Ол кісі тіпті Толқынды қатты ұнатып, «25 жасқа келгенде үйленесің» деген ойынан айнығанын айтты. Анашымның осы сөзімен 25 жасқа жетпей, Толқынға үйлендім.Картинки по запросу төреғали төреәлі әйелі

– Толқын анаңызды қай мінезімен, қасиетімен баурап алған екен?

– Ол жағын анамнан сұрамаппын. Қалай болғанда да біздің үйге келін болып түсетін қыз, ең бірінші, анамның көңілінен шығу керек. Мен үшін ең бірінші ата-анамың көңілі биік тұрады. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» дегендей, араздасқан ене мен келіннің ортасында ер азамат қиналады емес пе? Сондықтан қазір маған жақсы болды. Екеуі бір жақта мен бір жақтамын. Екеуі де бір-біріне ұқсайды. Екеуі де «Қайдасың, қашан келесің?» деп күтіп отырады. Ал екеуі «қырық пышақ» болып отырса, маған қиын тиер еді. Сондықтан жігіттерге келінді ананың өзіне таңдатып алған дұрыс екен. «Мен мынаны сүйіп қалдым, мен мынаны аламын» дегеннен гөрі, анаға құлақ асқан жөн секілді.

– Қазақта «қабырғаңмен кеңес» деген сөз бар. Өнер жолыңда қабырғаңмен кеңесетін кездер бола ма? Жалпы, Толқын саған өнер тұрғысында қаншалықты кеңес бере алады?

– Толқын өте сауатты, білімді. Жарыммен кез келген тақырыпта ақылдаса аламын. Бірақ өз бала-шағасымен миы ашып отырған келіншегіме барып, мына әнімді тыңдашы десем дұрыс болмас.Картинки по запросу төреғали төреәлі әйелі

– Жалпы, үш қызыңыз бар екен. Есімдері кім?

– Аллаға шүкір, Томирис, Тоғжан, Фатима атты үш қызым бар. Қыздарым дүниеге келмей тұрып, Толқын екеуміз «Балаларымыздың атын «Т» әріпінен қоямыз» деп келіскен едік. Фатима дүниеге келмей жатып анам: «Егер қыз болса атын Фатима қоямын», – депті. Содан соң үшінші нәрестеміз де қыз болған кезде анамыздың тілегін орындап, есімін Фатима деп қойдық.Похожее изображение

Көптеген өнер адамдары жұбайларын өзімен ертіп жүреді. Тіпті бейнебаяндарына, фильмдеріне түсіріп жатыр. Болашақта келіншегіңізді, қыздарыңызды өнерге баулу ойыңызда бар ма?

– Біздің үйдің қыздары өнерге жақын емес. «Бол жанымда» әніне бейнебаян түсірмек болған кезде мен Толқынға: «Осы бейнебаянға бірге түсейік», – деп айтқан едім. Бұл кезде біз әлі үйленбей, кездесіп жүрген едік. Толқын бейнебаянға түсуге бастапқыда келіскенімен, түсетін уақыт жақындағанда бас тартты. Қанша өтінсем де, «түспеймін» деп көнбей қойды. Қазір Толқынға: «Сол кезде қасарыспай түссең, жұлдыз болып жүретін едің», – деп айтып қоямын. Ол керісінше, «түспегенім жақсы болған екен» дейді. Қазір әйелімді концерт түгілі, тойға зорға дегенде алып шығамын. «Екеумізді бірге шақырып жатыр, шақырған жерге барайық», – деп қоймай ертіп аламын. Анам да сондай адам. Келіні екеуі іс-шара, мерекелерге барғаннан гөрі, үйде отырғанды жөн көреді.

– Енді Толқын журналистерге сұхбат беріп тұра ма?

– Тойды өткізген кезде де журналистерге «сұхбат алып алыңдар, одан кейін көрмейсіңдер» деген едім. Жарым енді сұхбат бермейді. Сұхбаттарға қатысып, «үш бала туу оңай болған жоқ» деп отырмайтын болар (күлді)?

Сұхбаттасқан Зарина МҮСЛИМ,

Қағазға түсірген
Айнұры ЕСЕНҒАЛИ

Пікір қосу