Талдықорғанда екі ер адам және бір бала иіс тиіп қайтыс болды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz

Ақпанның 15-не қараған түні сағат 00.20-да болған. Анасы балаларын туыстарының үйіне қалдырып, өзі түнгі ауысымда автожууда жұмыста болған. Балалардың әжесі де ол кезде үйде болмаған.

«1947 және 1966 жылғы ер адамдар мен 2015 жылғы бала қаза болған. Ал 2011 жылы туған екінші бала емханада ауыр хәлде жатыр.

 Әкімдік өкілдері отбасы мүшелеріне моральдық және психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Балалардың анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», — деді баспасөз өкілдері.

Әкімдің өкілдерінің айтуынша, 2 ақпанда Төтенше жағдай департаментінің өкілдері ол үйді тексерген. Оларға өрт қауіспсіздігіне байланысты алдын алу шаралары туралы ескерткен.

Пікір қосу