Пәкістан елінде кезекті сайлау өтіп, жаңадан президент сайланды. Нәтижесінде Әділдік үшін қозғалыс билеушісі Ариф Алви Пәкістанның 13-ші президенті атанды.

Пәкістан президентін федералдық парламенттің төменгі және жоғары палатасының, сондай-ақ елдің төрт провинциясы Заң шығарушы жиындарының 1174 депутатынан құралған сайлаушылар алқасы сайлайды.

Жалпы президенттік сайлауға үш үміткер қатысты. Олар Ариф Алви, оппозиция өкілі Фазл-ур-Рехман, халық партиясынан Аитзаз Ахсан.

Пікір қосу