«Баспана» Ипотекалық ұйымның баспасөз қызметі «7-20-25» бағдарламасы бойынша «ең қымбат» және «ең арзан» баспаналардың орташа құнын мәлімдеді-, деп жазды juldyz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Астана қаласының тұрғындары бағдарлама аясында сатыл алған баспананың орташа құны- 15 270 000 тг. Бұл Қазақстан бойынша ең қымбат баға.
Қостанай қаласындағы баспананың орташа құны- 7 400 000 тг. Бұл Қазақстан бойынша ең арзан баға.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша Атырау қаласындағы үйлердің орташа құны- 13 480 000 тг;
Алматы қаласы- 12 900 000 теңге;
Ақтау қаласы- 7 900 000 тг;
Ақмола облысы — 8 170 000 теңге.
Бұл бағдарлама бойынша пәтер алуға қатысып жатқан Алматылық тұрғындардың саны басым.