Индонезия астана Джакартада өтіп жатқан «Азияда-2018» ойындарында қазақстандық спортшы Дмитрий Алексанин семсерлесуден алтын жұлдені қанжығасына байлады. Ол финалда оңтүстік кореялық спортшы Пак Сан Йонгпен кездесіп, нәтижесінде жеңіске жетті.
Спортшы өзінің жеңісін жақында ғана қайғылы оқиғамен қайтыс болған спортшы Денис Тенге арнайтындығын жеткізді.
«Сөзсіз жеңісімді бүкіл Қазақстандықтарға арнаймын. Денис Тенге арнаймын. Қайғылы оқиға. Қорқынышты. Айта сөзім жоқ»,-деді спортшы.