Астана тұрғындары автобустағы «Astra plat» картасына шағымданды,-деп жазды ҚазАқпарат. Тұрғындардың айтуынша, картаны пайдаланғанда төленуі керек қаражаттан екі есе көп ақша алынады.

«Автобустағы карталар туралы шағымдарды оқып шықтым. Содан өзімнің картамды тексермек болдым. Ішіндегі қаражатымды санап шықтым. Шыныменде, кеше автобусқа 2 рет мінгенмін. Алайда, менің картамнан 180 теңге емес, 360 теңге алынған. Яғни, бұл  алаяқтық. Ал картада қанша ақшамның бар болғандығын мен нақты білемін»,-деді Наталья Ибрагимова өзінің парақшасында.

Ал Баян Смагулованың айтуынша, 5-10 минут ішінде ол бір автобустан екіншісіне ауысқан. Алайда жолушыдан екі  автобустан да картасынан ақша алынған. Ескере кетсек, жолаушылардың бірінші төлемақы тексерісінен кейін, 60 минут ішінде бір рет келесі автобусқа тегін отыруына мүмкіндігі бар.

Алайда, көптеген тұрғындар бұл мүмкіндіктің жүзеге аспай жатқандығын алға тартты. Инстаграм қолданушылар ешқандай тегін мүмкіндіктің жоқ екендігін жасырмай жазды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы тұрғындары да дәл осындай шағым бойынша «Оңай» картасына наразылықтарын білдірген еді.

 

 

Пікір қосу