Орал қаласының ішкі істер басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің Қанат Мұқановтың сөзінше, екі елдің азаматтығымен жүрген 20 адам ұсталып, жауапқа тартылды. Бұл туралы «Мой город» порталы бөлісті.

20 адамның 12-сі шетел азаматтығын алғаннан соң, бұрыңғы төлқұжатын дер уақытында өткізбегені үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Соттың шешімімен, тоғыз азамат -200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал үш азамат Қазақстан аумағынан шығарылды.

Мұқановтың айтуынша, сәуір айында Ресей азаматшасы қос азаматтықпен ұсталған. Азаматша, екі мемлекеттен де зейнетақы алып жүрген. Заңсыз әрекет айқындалғаннан кейін, қылмыстық іс қозғалып, бұл азаматшы бес жыл бас бостандығынан айырылған.

Жалпы, Қазақстан Республикасының Заңнамасының 1-тарау, 1-бабында азаматтық жайлы айтылған.

Заң бойынша, Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

 

 

 

Пікір қосу