Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғыны Ғалым Арыстанбаев әртүрлі ұлттан 8 баланы бауырына басқан. Бұл туралы ҚазАқпарат бөлісті.

Бүгінгі таңда Ғалым 11 баланың әкесі. Ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.

Ғалымның айтуынша, бала асырап алуды жары Әлия ұсынған. Ал, отағасы жарының ұсынысын қолдаған.

«Меркідегі жергілікті балалар үйіне ойыншықтар мен тәттімізді көтеріп бардық. Ойымызда жасы кішірек қыз баласын бауырымызға басу. Бірақ, Алланың бұйыртқаны шығар, ықыласымыз жасы үлкендеу қызға ауды.

Демалыс күндері арнайы барып, сұрап, үйге әкеліп, бірге қыдырып жүрдік. Айта кетерлігі, оның қасында сіңлісі, інісі және құрбысы бар. Бауырларды бір-бірінен айырғымыз келген жоқ», – дейді көп балалы әке.
.
«Балалар үйіне кіргеннен байқағаным оларға ойыншық, тәттіден гөрі аналық, әкелік махаббат жетіспейтіндігі көрініп тұрды. Бізді қуанышты жүзбен қарсы алып, жақындап, бауырымызға кіргілері келеді. Ондай баланы қалай кеудесінен итересің.»-, дейді әке.

Пікір қосу