Қ. Қасымов отставкаға кету керек, сонымен қатар Алматы қаласы ішкі істер департаментінің бастығы С.Күдебаев та отставкаға кетуі қажет.
Денис Теннің өлімі – қазақстанда ұрлық қылмысықаншалықты асқынып тұрғанын көрсетті. Бұл нағыз шектен шыққанның айғағы. Енді осы жағдайға тереңірек үңіліп көрейік. Бізде көптен бері күткен полиция реформасы басталуы тиіс. Өйткені бүкіл әлем алдында осындай масқара жағдаймен ұятты болдық. Қазақстанда ішкі істер министрі алдымен проблеманы өздері тудырады, содан соң өздері күреседі. Бұл нағыз ұят дүние. Біздегі полициялардың саны жан басына есептегенде әлемдегі ең көп полицияны құрайды. Ал бірақ қылмыспен күресуде ауыз толтырып айтарлықтай ештеңеміз жоқ. Бізді құтқаратын жалғыз нәрсе грузин тәжірибесі бойынша «кадрлерді тазалау». Бірақ, ең өкініштісі Қазақстандағы қазіргі режимде мұндай «тазалау» жүре қоюы қиын. Десе де, төмендегідей базалық реформа жасалуы тиіс.
- Ішкі істер министрлігінен мына нәрселерді тартып алуымыз қажет. Колониялар, тергеу изоляторлары, паспорт, жеке куәлік,виза,шетелдіктерді тіркеу, өрт сөндірушілер және төтенше жағдайды реттеушілер, сонымен қоса ұлттық гвардияны, қаруға рұқсат беруді, күзет дабылын (сигнализация), жол инспекциясын да алу қажет. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар, бағдаршамдар, жол белгілері және жылдамдық бақылаушылар осының барлығымен дамыған елдерде муниципалитет айналысады.Сонымен қоса, көшедегі бейнебақылау камераларын, көлік ұрлаушыларды қадағалау жүйелерін, әкімдік өзінің тікелей бақылауына алуы керек. Тіпті оны әкімдік өздері орнатуы тиіс.
- Криминалистерді, IT мамандарын, бухгалтерлерді, баспасөз хатшыларын ішкі істер органы саласындағы басқа да мыңдаған қызметкерлердің погондарын шешіп, оларды азаматтық қызметкерлерге айналдыру керек.
- Көптеген қаржыландыру мәселесін реттеп, қаржыны қылмыспен күресу профилактикасына, қала бойынша камералар орнатуға, адамдардың түрін тану мәселесіне қарай аудару қажет.
- Ішкі істер басқармасының биік қоршауларын алып тастау керек. Өйткені халық полиция бөлімшелеріне кез келген уақытта емін-еркін кіріп шыға алатын болуы тиіс.
- Полицияның әлеуметтік желіні жоғары деңгейде пайдалануын қамтамасыз ету керек. Олар азаматтардың өтініш-шағымдарына дер кезінде үн-қатуы керек.
- Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қызметін статистикалық көрсеткіш бойынша бағалауды қою керек. Халыққа керек емес сан-цифларды қайта-қайта ұсына берудің еш қажеті жоқ. Міне, осы мәселелерді барлығымыз бірге талап етейік. Ішкі істер министрлігіне реформа керек. Өзгеріс жасайтын уақыт келді.
дереккөз: Джохар Утебековтың фейсбук парақшасынан алынды