Белгілі 25 жастағы спортшы Денис тен қайтыс болды.
Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейіт көшесінің қиылысында спортшыны пышақтап кеткен. Суық қару иелері Денистің көлігінің әйнегін ұрламақшы болған. Ұрылардың қылмысының үстіненен түскен Денис оларды тоқтатуға кіріскен. Алайда ұрылар спортшының белінен төмен дене бөлігіне пышақ сұғып алған.
Спортшы дереу аурухана жеткізілген. Алайда, дәрігерлер спортшының өміріне араша бола алмады. Қазақстанның атын әлемге танытқан Денис Теннің жаны жәннатта болғай!