Алматы қаласының орталығына 12 тоннадан тұратын, биіктігі 12 метрлік тиіннің мүсіні тұрғызылды. Тиінді сабан шөп, ағаш жəне металлдан жасаған. Авторы шетелдік Алекс Ренслер. Ол осы секілді арт-объекілер салып, кейін оны өртеуімен танымал. Автордың айтуынша, бұл тиін алматылық тұрғындарды сипаттайды екен. Тиін 9 ай тұрып, кейін өртелуі қажет.
Бұл мүсін халықтың ызасын келтірді. Жұртты биліктегілердің қаражатты «керексіз» дүниеге ысырап еткендігі ашуландырды. Оданша емханаларға жаңа техникалар сатып алып, жағдайы төмен отбасыларға жəрдемкескені дұрыс екенін алдыға тартты. Тіпті, Алматы облысының əкімі Бауыржан Байбекті əкімдік орнын босатуын талап еткендер болды.