Қазақ елін әлемге танытқан боксшы Геннадий Головкин орденмен марапатталды. Бұл туралы боксшы өзінің жеке парақшасында айтты.

«Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады. Нұрсұлтан Әбішұлына жан-жақты қолдау үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін Қазақстан намысын әлемнің үздік ареналарында қорғау — үлкен мәртебе.»,- деп жазды Головкин

Пікір қосу