Белгілі Ресей әншісі, 69 жастағы Алла Пугачева мен Максим Галкин үшінші рет ата-ана атанды. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Әнші баланы өзі босанған жоқ. Олар есірткіге тәуелді ата-ананың баласын қамқорлығына алды.

Баланың әкесі Влад Пугачев әншінің жалғыз інісі. Ол әншінің ағасы Евгенийдің ұлы. Влад көп жылдан бері есірткіге әуес болған. Ұзақ жылдар күрескенімен нәтиже шықпады.

Оңалту орталығында болашақ жарын кездестірген. Екі жас кездесіп жүріп балалы болды. Баланың қызығымен біраз уақыт алданғанымен, кейін қайта есірткі шегіп кеткен.

Қазір есірткі Владтың ағзасын толығымен меңдеп алған. Тіпті мүгедектікке жеткізген. Алла Борисқызы оның баласын өз қамқорлығына жазып алды. Інісіне баланы уақытша алатынын, егер өзін қолға алып ақылға келмесе, баласынан біржола айырылатынын ескерткен.

Пікір қосу