Өмірде жақсы дүниелердің көпшілігі қиын сәттер де ойлап табылады. Смайликте — сондай туындылардың бірі.
1963 жылы Америка Құрама Штаттарында екі сақтандыру компаниясы болған. Екі компания бірігіп, алпауыт компания болуға шешім қабылдайды. Алайда компаниялардың бірігуі сәтсіздікке ұшырай бастайды. Көптеген қиыншылықтар туындап, жұмыскерлердің санын қысқартуға дейін барады. Сәйкесінше, компаниядағы жұмыскерлердің көңіл-күйі түсіп, олардың жұмыс істеу сапалары да нашарлай бастайды.
Кейіннен State Mutual Life Assurance Cos. of America компаниясының басшылары жұмыскерлер мен клиенттердің көңілін көтеріп, мотивация беру үшін акция ұйымдастыруды ойлайды. Сөйтіп, адамның көңілін көтерін символ керек деп шешеді. 1963 жылы небәрі 10 минутта 45 долларға дизайнер Харви Болл «смайликті» ойлап табады. Ол сары түсте екі сопақ дөңгелек және сызықша арқылы күліп тұрған бейнені салады. Осылайша, компания басшылары «смайл» символын қызметкерлері мен тұтынушыларына таратқанда, оң әсерін берген.
Алғашында компания күліп тұратын белгінің 100 данасын ғана жасатқан еді. Алайда, компания ішінде тез танымалдылыққа ие болған смайликтерге, кейін тағы 1000 данасына тапсырыс беріледі.
Кейіннен, смайликтер басқа компаниялар, университет қабырғаларында танымалдыққа ие бола бастаған. Адамдар ұзақ сөзбен түсіндіру қиын немесе ыңғайсыз жағдайларда қолдануға болатын , әртүрлі мағына беретін смайликтер ойлап тапқан.
Шыныменде, қазіргі өмірімізді смайликтерсіз елестету қиын. Себебі, біздің эмоциямызды жеткізуге ыңғайлы таптырмас құрал.