Қазіргі заманда кез-келген адам ұялы телефонсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетті. Сол себепті, адамдар әрдайым телефонын жанында ұстап жүреді. Тіпті, кейбірі байқаусызда телефондарын үй дәретханасына түсіріп қоятын кездер болады. Мұндай сәтте не істеу керек.
Ұялы телефоныңыз үй дәретханасына түсіп кетсе:
- Тез арада телефонды дәретхана табағынан (унитаздан) шығарып алыңыз;
- Міндетті түрде телеофонды өшіріп, телефонның батареясын, чип және флешкаңызды алып тастаңыз;
- Телефонның қабын шешіп қоюды да ұмытпаңыз. Ол тез кебуіне көмектеседі.
- Телефонды көлденіңенен қойып, қағаз салфеткамен сүртіп алыңыз;
- Телефонды қағаз салфеткаға орап, күріш бар ыдысқа салып қойыңыз. Күріш телефоныңыздағы барлық дымқылдықты өзіне сіңдіріп алады
ЕСКЕРТУ! Телефонды су күйінде қосуға, фенмен кептіруге болмайды. Себебі, ол телефонның жұмыс істемей қалу дәрежесіне жеткізеді.