Әртіс баласы ата-анасының жолын қуса, халық кумәнмен қарай бастайды. Таланты болмаса да,» әке-шешесінің арқасында өнер саласына жүр» деп жатады. Дәл осындай сын актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейітметоваға да айтылды. Алайда Айымның анасы халықтың пікіріне «Ревю» бағдарламасында бірден жауап қайтарды.
“Көрермен не айтса, соны айта берсін. Түсінікті ғой,» әке-шешесі сол салады жүр, көмектескен шығар» деп ойлар. Шындығын айтайын, «адамнан жасырғаныңды, Құдайдан қалай жасырасың» дейді ғой. Біз оның әртіс болғанына мүлде қарсы болдық. Сериалға өтіп кетіпті. Ол кезде олар менің қызым екенін білмеген. Мен де оның қайда барып жатқанын сұраған жоқпын”, – дейді Данагүл Темірсұлтанова