Жақында ғана әнші Айдана Меденова Корея еліне барып қайтқан еді. Ол жақтың тұрғындарындары Айдананың табиғи сұлулыңына таңырқай қараған.
Тіпті, Кореяның үлкен компанияларыныңі бірі бірге жұмыс істеуге ұсыныс тастаған.
» Мен қатысқан сұлулық фестиваліне үлкен компаниялар қатысады. Сұлулық индустриясы, косметология жағынан, фэшн жағынан неше түрлі ұжымдар қатысады. Сол жерде маған бір үлкен компания көңіл аударып, олар менімен амбассадор ретінде жұмыс істегісі келді. Ұсынысқа сол жерде келісімімді бердім. Осы тағы барып келдім. Бұл жолы түсірілімге қатысып, келісімшартқа қол қойып, ресми түрде сол компанияның Кореядағы келбеті ретінде, моделі ретінде жұмыс жасауға өз келісімімді бердім», – дейді Айдана.