«Меломен» тобының экс-солисті Жігер Ауыпбаев өзінің бұрын жұмыс істеген әріптестерін сынап тастады. Ол әріптестерінің Жан Ахмадиевтің қамшымен сабау тақырыбын ары қарай дамытып, «Байзақова мен 91 тобын сабасаң, ат сенікі» деген сөзіне тиісті.
«Егер айтылған нәрсе болатын болса, бостан босқа құр шулатпай, айтқан нәрсесін оны ары қарай істеу керек. Солай көрсеткені дұрыс. Қамшылау деген не нәрсе? Ол алға қарай өз-өзін сүйреу, нәтижес көрсету. Ал қамшымен тікелей сабап ешкімді тәрбиелей алмайды. Мен «Меломен» тобының бастамасына орай арнайы пост жаздым. Керісінше өзіміздің салт-дәстүрімізге сай емес нәрсені ғаламтор, экран арқылы керісінше оларды жарнамалап жатырмыз. Яғни, қажет емес нәрсені өзімізге тиімді жағынан қолданамыз, атағымызды ары қарай дамытамыз деп, пиар, хайп жағынан қолданамыз деп, оларды одан ары қарай өршітіп, халыққа танымал қылып жатқанын да ұмытпау керек. Егер үндемесе көп нәрсе ұмытылып кетеді. Оларды насихаттап жатыр. Мен өзім солай түсінемін», – дейді Жігер Ауыпбаев.