Тоқал мәселесіне келгенде, әйелдер қауымының басым көпшілігі қарсы келетіндігі мәлім. Алайда 26 жастағы Зарина керісінше тоқалдыққа келісетіндігін жеткізді. Тіпті, әнші Ернар Айдар тоқалы болуға ұсыныс білдірді. Бұл туралы «Өз ойым» бағдарламасында сөз қозғалды.
Бағдарлама қазіргі таңдағы «Фанатизм дерт пе» тақырып аясында пікірталас болған еді. Студияда отырған Ернар Айдарға скайп арқылы Зарина есімді жанкүйері хабарласты. Жанкүйер Ернар Айдардың өнерін бағалайтындығын айтып, сезімін білдірді. Кейіннен әншіден екінші әйел алуға деген көзқарасын сұрады.
«Құдай сақтасын, екінші әйел ешқашан алмаймын. Өзімнің әйелім бар, көңілімнен шығады. Өзімнің сүйген жарым. Сізге бақыт тілеймін», – деп жауап қайтарды Ернар Айдар. Жанкүйері ренжімес үшін, алда өтетін концертіне тегін билет сыйлады.