Әлеуметтік желіде белгілі продюсер Баян Алагөзованың үйіндегі қуаныш хабары тарап жүр. Үлкен қызы Айсауле Бақытбекке сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірді. Бұл қуанышымен Айсауле де, анасы Баян да бөлісті.

Әлішер есімді сүйіктісі аруды Шымбұлақ тау курортына апарып,  «Менің ханшайым боласың ба?» деп үлкен жазбамен Айсаулені туған күнінде таң қалдырған.

Желі қолданушылар сөз салу барысын қазақи нақышқа байланыстыра білген жігітке риза болды.Ерекше ұсыныс жасады: Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр

Баян Алагөзова «тойға шақырылатын қонақтарын тізімін жазуды бастап кеттім. Кім келгісі келеді?» деп қалжыңдады.

 

Пікір қосу