Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желі арқылы жағымсыз пікір қалдыратын желі қолданушыларға ренішін білдірді. Айтыскердің айтуыншы, қазіргі таңда көпшілік әрбір әрекетіңнен қателік тауып, сынауға даяр.

Instagram-да  отырып алып та тек кінәрәт іздеп, негатив қана жазатын адамдар бар. Олардың сосын көздері де өткір келеді. “Көйлегіңнің етегі кір екен ғой”, фотошоппен әдемі боп тұр”, “бес тонна бояу”, “аяғың қисық”, “құлағың дәу”. Қанша керемет сурет салсаң да шұқылап отырып тауып алады.. Ештеңе жақпайды.. Көйлек салсаң мақтаншақсың, тамақ салсаң надансың, көлік салсаң қаңғыбассың, қысқа кисең ұятсызсың, ұзын кисең ваxабиссің. Жап-жақсы пікірлер оқып, мәз боп келе жатасың да көңілің құлазып сала береді. Айдаладағы танымайтын адамға көңілің бірден суып кете салады. Оларды жек көресің, олардың энергиясы сізге ауыр», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева өзінің жеке парақшасында.

Айтыскер оның орнына, бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, тек жақсы көңіл-күйде жүруге кеңес береді.

«Керісінше үнемі тілеулес болып жүретін адамдар бар, пікір жазбай қалса іздейсің. Сын айтса да кешіріңізші деп мың рет кешірім сұрап алып айтады. Ондай адамдар жазған әрбір әріптен мейірім бұрқырап тұрады. Танымасаң да жақсы көресің. Достардың арасында да сондай мейірімділері болады. Жаның қиналса соны іздейсің. Оны сағынасың. Ол бәріне сүйкімді. Тек қуаныш сыйлап жүретін көңілді таныстар болады. Олармен араласқың келеді, іздейсің. Саған тілеулес болып жүретін жанашырларың болады, ал оларға сенесің. Сені жақсы көретін адамды қалай жек көруге болады, әрине сенде оны жақсы көресің. Жақсы адамдар өздеріне магнит құсап тартып тұрады. Жақсы энергия дегеніміз осы. Жан-жағына тек жақсы энергия тарататын жақсы адамдардың қатарынан болайық. Жымиып жүріңіз, сонда бәріне сүйкімдісіз! Ораза қабыл болсын!» – деп жазды айтыскер.

Пікір қосу