52 жасқа толған Шахизадаға үшінші мәрте тұрмысқа шығуға ұсыныс келді. Бір қызығы, әншінің тұрмысқа шығуын қалайтын адамдардың бірі — өзінің ұлы Олжас.
«Енді мен әрдайым жалғыздық тек Құдайға жарасқан деп айтып келемін. Әр адамның жары болуы керек. Мұндай жасқа келіп, бізге түсінбеу мүмкін емес. Түсінеміз оны да. «Сізді сүйетін жарыңыз болса, ешқашан біз қарсы болмаймыз» – деп әрдайым айтып отырамыз. Сол кезде анам қуанып қалады. Бірақ әлі сүйіктісі кездескен жоқ сияқты», – дейді ұлы Олжас Байпатшанов.
Әншінің келіні мен ұлының сөзін тойға келген меймандарды қолдай кетті.