Жақында ғана әнші Мөлдір Әуелбекованың «Қазақконцерт» ұйымының басшылығына тағайындалғандығы туралы айтылған еді. Кеше ғана орналасқан Мөлдір, көп уақыт создырмай өзінің жетекшілігімен құрылған «Назар» тобының қыздарын да жұмысқа алған.
«Қазақконцерт» ұйымына жұмысқа келіп жатырмыз. Жеңіс Сейдолла бастаған ұжым болып жақсы жұмыс атқарамыз деген үміттемін. Жеңіс аға өзі шақырды. Ол кісі көптеген мекемелерде басшылық еткен болатын. Осы жақында Жеңіс ағамызды «Қазақконцерт» ұйымының директоры етіп министрдің өзі тағайындады. Ойда-жоқта болды, расында өте қуанышты жағдай. Үлкен сенім артқан Жеңіс ағама рақмет”, – дейді Әуелбекова.
“Жаңадан орналасқандар – мен және Nazar тобы. Мен өзім жаңадан жұмысқа орналасқандықтан, күн сайын уақытымды сол жақта өткіземін. Қыздарым қараусыз қалмасын деген ниетпен ұсыныс жасадым. “По блату” емес. Ойда-жоқта кіріп кетті, дәл өзім сияқты», – дейді Мөлдір.