«Mysterions» тобының әншісі Дильен әке атанды. Асыл жары оған торсықтай ұл сыйлады.

Бір топта ән орындайтын әріптесі әрі досы Арман Қоңырбаев бұл қуанышты хабармен әлеуметтік желі де Дильенді құттықтап жатты.

Дильеннің өзі де көптен бері неге көрінбей кеткендігі жайлы да , парақшасында жазба қалдырды.

“Неге пост жазбайсыз”, “қайда жоғалып кеттіңіз”, “блог қайда” сынды сұрақтарға жауап берейін. Жұбайым екеуміз әке және ана атануға дайындалып жатырмыз. Мені әке ретінде елестете аласыздар ма? Өзім жоқ. Блог жазатын уақытым болған жоқ, әрі қазір ойым басқа жақта. Бірақ оның орнын міндетті түрде толтырамын. Айтпақшы мен “әйелі жүкті кезде күйеуі не істеуі керек” деген оқулық жазуға әзірмін. Сатпақ ойым бар. Болашақ аналар мен әкелерге кеңесімді беремін”, – деген еді ол.

Пікір қосу