Динара Сәтжан құрбысы Баян Алагөзова секілді кітап жазып көрмек. Ол бұл шешімге келіуне тележүргізушілік кәсібіне қажеттілік түрткі болған. Кітап бизнес тақырыбын болмақ.

“Қазақ кәсіпкерлері туралы Қазақстанда кітап өте аз. Мысалы, Меломанға кірсеңіз ол жерде тек шетелдік кәсіпкерлер туралы бизнес кітаптарды оқи аласыз. Сол үшін менің ойымша, осындай кітап керек деп ойладым”, – дейді Динара Сәтжан.

“Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Оның ішінде Санди Бексырға, Лилия Рах, Аида Кәуменова, Қарашаш Джузеева. Мен өзім де бармын. Мен өзімнің тәжірибем туралы да айтып беремін”, – дейді Сәтжан.Картинки по запросу динара сатжан

Сегіз жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан бикеш, болашақта өзін сан қырынан сынап көруге әзір. Алайда Сәтжан, өзге әріптестері сынды кино түсіруді ақша табудың ұтымды жолы деп есептемейді.

“Қазіргі уақытта, кино түсіру тиімсіз деп ойлаймын. Өйткені киноға барсаңыз тек қана Қазақстанда жасалған кинолар. Конкуренция, бізде кинотеатрлар аз, кино көретін адамдар көп емес”, – дейді Динара Сәтжан.

Пікір қосу