Жақында сымбатты сері жігіт, модель Димаш Әділет үйлену той суретімен елді шулатқан еді. Алайда, Димаш Әділет әлі де бойдақтық өмірімен қоштаспаған. Бұл туралы ол өз парақшасында бөлісіп кетті.

“Көпшілігіңіз байқағандай, алдыңғы суретте мен күйеужігіт емес, жігіт жолдастың рөлінде едім (пост недегенмен 1 сәуір күні жазылған). Жалпы көптеген себептер бойынша, мен алдағы 5 жыл көлемінде үйленуді жоспарлап отырған жоқпын. Әрі қалған ғұмырымды бірге өткізгім келетін аруды кездестірмедім. Бірақ тапқан күні, оны әлемдегі ең бақытты жан ету үшін барымды саламын”, – деп жазды Димаш.

 

Пікір қосу