Сейфуллин Жолбарысәнші Бақыт Шадаеваның үйін алдау жолымен тартып алған екен. Бұл туралы Бақыт Шадаева «Ұнамаса қарама» бағдарламасында айтып кетті.
«Кезінде оның әндерін ұнатып, қаражатын төлеп, жағдайын жасадық. Аппараттарына дейін алып бердік. Кейін мен жаңа үйге көшкенде ол менің ескі үйімді сатып алуға ниет білдірді. Мен келістім», – деген Шадаева бұдан кейін сазгердің алдап кеткенін айтады.
Бақыт Шадаеваның сөзінше, Сейфуллин Жолбарыс үйдің жарты ақшасын төлеп, қалған жартысына ән жазып беруге уәде берген. Алайда сөзінде тұрмаған. Тіпті, үйдің жарты ақшасын бермеген екен.
“Кейін бәрін жоққа шығарды. Тұмсығын көтеріп, «Сенен де асқан әншілерге ән жазамын» деп мені өкпелетіп қойды”, – дейді Бақыт Шадаева.