Көптен бері көрінбей кеткен әнші Ерболат Құдайбергенов жаңа әндерімен шетелді жауламақ ойы бар екен. Ол көршілес Ресей елінен бастамақ. Тіпті, орыс тілінде әндерді жазып тастаған.
«Жалғыз Ресейге емес, бүкіл ғаламға әйгілі болсаң ол қандай бақыт деген. Бізде қазіргі ең үлкен өңір – жанымыздағы держава Ресей елі. Көптеген ұлттар бар», – дейді әнші Ерболат Құдайберген.
«Бизнесті қолға алып жатырмыз. Тек Ресей ғана емес, Қытай елдеріне де қытайша альбомның басы басталды. Екі трегіміз бар. Көрші ұйғыр аудандары бар. Циз-Ян округ сол жақта да ұйғырша да өзіміздің синглымыз бар. Осы жақтан жоба ашып, ол жобаның жетекшісі Павел Вайткеевич деген продюсер болады. Қолға алып келе жатырмыз», – дейді әнші.
Ерболат Құдайбергенов қазір халықтан көңілінен шығудың қиындап кеткендігін жасырмады.
«Көп ақпарат арасынан ашып, 3-5 минут әніңмен көрініп, халыққа ұнау деген қиынырақ болып кетті», – дейді әнші Ерболат Құдайберген.