Нұржан Керменбаев екінші рет әке атанып, қуанышымен бөліскен еді. Екінші ұлының есімін Омар деп атапты. Ол өмірдегі жауапкершілік жүгі артып, балаларының болашағы үшін уайымдайтынын жасырмады.

Әйелі босанған кезде перзентханаға бармаған екен.

«Қай перзентханада босанғаны және қасына серіктес болып кім кіргені де есімде жоқ. Өз басым әйелі босанған кезде серіктес болатын азаматтарды түсінбеймін. Әрине, әркімнің талғамы мен түсінігі әртүрлі ғой. Мен мұндай үлкен қадамға баруға дайын емеспін. Себебі, толғақ пен адамнан адамның шығуы оңай еместігін естуім бар. Сол қиын процессті көрсем әйелімді үнемі аяп, сезімім де өзгеріп кететін сияқты”, – дейді ол.

“Омар өмірге келген кезде мен Лондонға іс-сапармен кеткен едім. Бірінші ұлым дүниеге келген кезде де басқа қалада болдым. Осы жолы да түсіндіріп айттым. «Бұл сапарды ұзақ жоспарладым. Сондықтан, жолымнан қала алмаймын. Оның үстіне толғақ пен босану кезінде менің қолымнан ештеңе де келмейді. Бар болғаны дұға ете аламын. Ең бастысы, перзентханадан өзім шығарып аламын»,-деп бәрін түсіндірдім. Ол да қарсы болмады. Осылайша Аллаға аманаттап жолға шықтым. Менің туған күнім 17-ақпан болса, Омарым Алланың қалауымен 18-ақпан күні дүниеге келді”, – деп әке болғанын естігенде қуанышында шек болмағанын жасырмады.

Пікір қосу