Әнші Сәкен Майғазиев бір күнде қатарын үш рет концерт өткізіп, ауруханадан бірақ шықты. Ауруханадан жатқан әнші енді Америкада өткізу жоспарда болған концертін кейінге қалдырды. Бұл туралы Сәкеннің кешін ұйымдастырушысы, продюсер Руслан Ысқақов мәлімдеді.
7-наурыз күні ұйымдастырған концерттік кешіне 200-ден астам адам қатысқан.
“Әрине мұндай үлкен шоу концерт жасау оңай емес. Саxна сыртында қызықтар да шыжықтар да көп болды. Сәкен ағамыз ауырып жүргеніне қарамастан, тікесінен тік тұрып ән салды. Сол кезде ем-домын аямаған дәрігерлерге көп раxмет айтамыз! Бәрі бір Алланың қалауымен сәтті өтті! Шүкір!” – деген Руслан концертке уақыт бөліп келген тыңдармандарға алғысын білдірді.
“Сәкен ағамыз қазір ауруxанада емделіп жатыр. Не дегенмен ауырып тұрған тамақпен ән салған соң, зақым келген сияқты. Алматыдағы концерттен кейін Америкада концерт беру жоспарда болған. Сол жақтағы қандастарымыздың шақыртуымен баруымыз керек еді. Денсаулық жағдайына байланысты бұл жоспар кейінге қалып отыр. Халықтан кешірім сұраймыз. Ел баласына Алла шипасын берсін! Бұл бастамасы ғана. Алда шоколад концерттер жалғасын табады!” – деп жазды ол желідегі парақшасында.