Жақында ғана Қайрат Нұртас өзінің жары Жұлдызды көпшілікке көрсетіп, жұбайы Жұлдыз өнер жолындағы жұмысын бастап кеткен еді. Енді, Қайрат төрт бірдей балаларын сахнаға шығармақ. Жақында Өайрат Нұртас отбасымен бірге Алматы жіне Астана қаласында өздерінің жеке кештерін өткізбек. Ол конценртте балалары да өнер көрсетпек. Бұл туралы әжесі Гүлзира Айдарбекова «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында айтып кетті.
“Қайраттың отбасы түгел дайындалып жатыр. Әсіресе, бізден қарағанда балапандар асығыс. Өздерінше дайындық жасап жүр. Халық алдына шығып, аналары танылғалы бері олар да қуанып, ортақтасып жүр. Мен олар кішкентай ғой, білмейді деп ойлағанмын. Жоқ, бәрін біліп тұр. Ең кішкентайының өзі: “Мен не ән айтпаймын ба?” деп жүр. Соған қарағанда дайындақтары жаман емес сияқты”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.