Төрт ұлдан кейін қызды болған Қыдырәлі мен Қарақат тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Құдайдан аңсап тілеген қыздары Аяланың тұсаукесер тойын Қыдырәлі мен Қарақат дүбірлі той етіп өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan,kzке берген сұхбат барысында айта кетті.
«Қызымыз сегіз айдан асты. Еңбектеп өсіп келе жатыр. Көз қуаншымыз болып жүр, Аллаға шүкір! Алда енді тұсаукесер тойы бар. Сондай бір жақсы күндерді ойлап жүрміз. Жақсылықтың боларына сеніп жүрміз. Бір жасқа толғаннан кейін құдай қаласа қызымызды көпшілікке көрсетеміз. Әзірше бөпе ғой. Әкесі үш жасқа толғанда мүмкін көрсетеміз деп қалжыңдайды. Бірақ шыдамайды-ау!», – дейді Қарақат.
Халыққа алдындағы қос жұптың оқырмандары қыздарының кімге ұқсайтынын жиі сұрайды екен. Олардың айтуынша, аяла қыз Болмановтың анасы ұқсайды екен.
«Мен нақты айтамын, құрметті оқырмандар! Қызым маған ұқсамайды. Қызым өзінің туған әжесінің аузынан түскендей. Яғни, Қыдырдың анасынан аумайды. Қатты ұқсайды. Жаны жәннәтта болсын. Енемді көрген жоқпын. Ерте дүниеден озды ғой. Үлкен кісілердің айтуына қарағанда ол кісі өте салмақты. Сабырлы, мейірімді сондай адам болған екен», – дейді Аяланың анасы.
Ал, ата-анасының сөзіне сенсек, кішкентай бөбектің мінезі Қарақат Әбілдинаға тартқан екен.
«Бірақ мінезі маған ұқсайды. Өйткені көп күледі, көп жадырайды. Ағаларының әрбір қараған, жақсы көрген іс-қимылына әдемі күлкісімен жауап беріп отырады. Соған қарағанда ашық мінезді болатын сияқты. Мен ашықпын ғой. Мен жүрген позитивпін. Ұлдарым айтады: «Біздің анашым жоқ болса үй сондай қараңғы, үй сондай көңілсіз. Анам бар кезде бірден сезіледі» – дейді. Өмір деген тамаша, жарқын-жарқын дауыстатып, барлығының көңілін көтеруге, көңілін табуға, қас-қабағын бағуға тырысамын», – дейді Әбілдина.