Естеріңізде болса, продюсер Баян Мақсатқызы мен «Кешьюдің» экс мүшесі Ақбота Сейітмағанбет арасында кикілжің туындаған еді. Ақбота Сейітмағанбет продюсерімен қоштаспай кеткендігі үшін медиа арқылы сұраған еді. Енді, Ақбота Баян Алагөзованың офисіне гүл шоғымен барып,кешірім сұрады.

“Алдынан өтіп, рахметімді айтып, кешірім сұрадым. Жүкті болған кезде кетіп қалған болатынмын. Ол кісі мені түсінді, менде ол кісіні түсінемін. Ол кісі мені қазір қолдайды деген үміттемін. Қазір енді қарым-қатынасымыз, Аллаға шүкір ойдағыдай”, – дейді Ақбота.

 

Осылайша, Баян Мақсатқызы мен Ақбота-Нұр татуласты. Тіпті, болашақта шығармашылықта бірге қайта жұмыс бастауы мүмкін екендіктерін де жасырмады.

“Ақботамен келісімшартқа отырып, жұмыс жасау туралы сөйлесіп көрдік. Әзірше нақты бір ортақ шешімге келген жоқпыз. Бірақ, қарым-қатынасымыз қаз-қалпында қалды. Үлкен гүлін алып біздің орталыққа келіп, кешірім сұрады. Мен оны біздің жобаларға шақырдым. Алдағы уақытта көріп қалуларыңыз ғажап емес. Сондықтан «Кешьюдің» экс-әншілері менің жанымда болады”, – дейді Баян.

 

Пікір қосу