Естеріңізде болса Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясын сынға астына алған еді. Меруерт Түсіпбаеваның бұл әрекетін «Меруертті киноға түсіруден бас тартқандығым үшін істеп отырған әрекеті. Тіпті, біреудің тапсырмасы да шығар» деп Баян Мақсатқызы жауап қайтарған еді.

Мәселенің соңында икілжіңнің немен аяқталғаны халыққа сол күйі белгісіз болып қалған еді. «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Меруерт Түсіпбаева бұл кикілжің туралы сөз қозғап кетті.

“Кикілжің солай хат алмасумен тоқтап қалды. Баян ханым оны екі әйелдің ортасындағы кикілжің ретінде шығарғысы келеді. Бірақ мәселе онда емес. Бұл ұлттық мүдде туралы мәселе.

Басты рөлде әкім орынбасарының қызы, кірпікті жабыстырып алған, ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Сен Қодарға тұрмысқа шығасың десе телехикаяда: “Өзің ти”, – деп айтады екен. Қазір 21 ғасыр болса да, мен олай деп анама айта алмас едім”, – деп сынға алды әнші.

Сонымен қатар, Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызының сериалында қосымша көріністерде жұмыс істеген жастардың қаражатын, тіпті қара суын бермегенін айтты.

“54 миллион теңге – сіз бен біздің салығымыздан жиналған ақша. Оған жауап беруі керек. Ол кісі «массовкадағыларды» тамақтандырдық, ақша төледік деп айтып жатыр. Бірақ сол массовкадағы жастар маған хат жазды. Ақша түгілі, су да бермеген. Тағы да айта кетейін, Баян Алагөзова бәлкім тамаша продюсер шығар. Тракторшылар, сиырлар туралы фильм түсіре береді. Бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата-бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” эпосын түсіруге оның деңгейі жеткен жоқ. Егер мұны екі әйел арасындағы кикілжің деп қабылдасаңыздар, бұл сіздердің сауатсыздықтарыңыз!” – деп кесіп айтты Түсіпбаева.

Пікір қосу