Әнші Мейрамбек Бесбаев қазіргі жастардың тым есіріп кеткендігін күйіне айтты. Мейрамбектің ойынша, елге мінез көрсеткенді Жаратқанның өзі орнына қояды деген пікірде. «Айта берсін» бағдарламасына берген сүхбатында Мейрамбек Төреғалиге қатысты болған оқиғалар туралы өз пікірін де білдіріп кетті.

“Қанша талантты болсын, қандай аспандағы жұлдыз болсын адамгершілікке, тәрбиеге келіп тіреледі. Кенен атам: “Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, түбі тартпай қоймас негізге”, – дейді. Түбі қалпы дұрыс болмаса, ол бәрібір бір жерден шығып тұрады. Қазіргі жастарға тәрбие, тәртіптің жетіспеушілігінен шығар деп ойлаймын. Оның үстіне, бақты көтере алатын, көтере алмайтын жандар бар. Аяқ астынан бағы жанып кеткен кезде адам өзі түсінбей қалуы мүмкін. Планетаға сыймай кетіп жатқан жастарды көріп жүрміз, өкінішке қарай. Бірақ бәрібір оны Алла Тағала тәубесіне келтіреді. Оны адам баласы, туған-туысы келтіре алмайды. Қалай құйылды, солай кетеді. Айт-айтпа бәрібір екен, Алла өзі ретке келтіреді”, – дейді Мейрамбек.

 

Пікір қосу