Қайрат Нұртас үшін 10 жыл бойы жеке өмірін халықтан жасырын ұстаған еді. Бүгінде жұбайы Жұлдызды барша қазақстандықтар актриса ретінде танып жатыр. Халықтың «Неге «үйленбегенмін» деп осыншама жылдар жасырды екен» деген сауалына Қайрат Нұртас Comode.kz басылымына берген сұхбатында жауап берді
“Ол – рас. Жуырда біреу «осыншама уақыт үйленгенбедім деп айтуға қалай аузың барды» деп инста-парақшама жазыпты. Мен ешқашан «үйленбедім, бойдақпын» деп айтқан емеспін. «Жеке өмірім құпия» деп қысқа жауап беретінмін. Себебі, халық менің өнерімді бағаласа дедім. Ал, жеке өмір расында да жеке болуы керек”, – дейді Қайрат.
Ал, қазіргі таңда жұбайы Жұлдыздың кәсіби актриса болғандықтан, мамандығы бойынша өзін жетілдіргенін қалайтындығын айтып кетті.
Кәсіби актриса болғанымен, Қайрат жұбайының өзге режиссерлердің фильміне түсуіне қарсы. Себебі:
«Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді» деген сөз бар. Мен шынымды айтсам, басқа режиссерлердің туындысына түсуге рұқсат беремін бе, бермеймін бе білмеймін. Сүйген жарым, отбасымның шырағы болғандықтан қызғанамын. Бәлкім, өзім түсіретін фильмдерге ғана түсуге рұқсат беретін шығармын. Мүмкін, Жұлдызға арнап арнайы сценарий жазып, кино түсіретін шығармыз”, – деп түсіндірді ол.