Даулы оқиғаларымен елдің аузынан түспей жүрген Төреғали Төреәліге Алтынбек Қоразбаевтың да реніші бар екеніндігін айтты.. Халық әртісінің концертіне қатысуы тиіс Төреәлінің ұлы уәдесінде тұрмай, Алтынбек ағаны алдап кеткен көрінеді.Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Төреғалисыз да менің концертім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды. Бір тиын-тебен үшін мені айырбастап кеткені үшін мен емес, менің елім кешірмейтін шығар оны”, – дейді Қоразбаев.
Алайда Алтынбек Қоразбаевтың 70 жылдық мерейтойы жоғарғы деңгейде өтті. Мерейтойында қос шәкірті Тоқтар мен Мейрамбек қолдап жүрді. Ал, Бесбаев өз ұстазын ренжіткен Төреғалимен жеке сөйлесіп, мәселенің анық-қанығын алдағы уақытта хабарлауға уәде берді.
Сазгердің «Сен болмасаң» атты әнін, мерейтойлы кеште Қыдырәлі мен Қарақат орындады. Жоспар бойынша кеште Төреғали мен Мөлдір Әуелбекова орындауы қажет еді.
“Енді білмеймін арада не болғанын. Көке маған хабарласты да Қазақконцертке кел деді. Сол кезде Төреғалимен «Сен болмасаң» әнін айтпайтын болдыңдар деді. Төреғалимен сөйлеспегеніме біраз болды. Өйткені ол шет елде қазір… Төреғалиды көрген кезде өзінен сұрайтын боламын. Міндетті түрде”, – дейді Әуелбекова.
Ескере кетейік, өткен айда Төреғали мен Мөлдірдің орындауында “Сен болмасаң“, ал күні кеше “Қоштасудың қиыны-ай” әніне таспаланған бейнебаян халыққа ұсынылды. Қос әннің де авторы – Алтынбек Қоразбаев.