Аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат “Найман” Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” бағдарламасында Төреғали Төреәлідің оқиғасына байланысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуат Хамитов бағдарламада жеке өмірі, жарақаттары жайлы, ел болашағы, Қазақстанға пайдасын тигізбей жүрген спортшылар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, Хамитов 2018 жылға жоспарланған жекпе-жектерге тоқталып,  Төреғали Төреәліге қатысты ойын айтты.

“Төреғалидің көрерменге тіл тигізгенін естігенде қатты ашуландым. Қарапайым халыққа бәрі мінезін көрсетіп болып, енді әншілер қалды ма? Аузынан 1-2 мың теңгесін жырып концертіне келіп отырғанда, оған тап беріп тұрғаны қалай? Мұның өзі ауылда кәдімгідей ақша. Қалада да сол ақша үшін даланы сыпырып жүрген апа-аналарымыз бар. Мешіт алдында да үлкен кісілеріміз жүр қайыр сұрап жүр. Өзіміз аз ғана қазақпыз. Осылай мінез көрсетіп, бір бірімізге тиісіп жүрсек қалай халық боламыз. Төреғалиді жазалау туралы пікірім осынай ашулықпен айтылған болатын”, – деді спортшы.

 

 

Пікір қосу