Қазақстан bes.kz U.S. News & World Report  журналының есептеуімен «Ең үздік елдер» рейтінгі бойынша 70 орынға жайғасқан. Бір қадам алды 69 орынға Украина мемлекеті табан тіреген.

Рейтинг бойынша бірінші орында, әдеттегідей, Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда ,яғни ондыққа кірген мемлеккеттер- Канада, Германия,Ұлыбритания, Жапония, Швеция, Аустралия, АҚШ , Франция мен Нидерланды.

Сарапшылар Қазақстанның инновациялық деңгейі мен әлемдік аренадағы ықпалын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, елдің әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет екені және көгілдір отын мен минералдардың, металдардың үлкен қоры бар екені назардан тыс қалмаған.

Қазақстанның әлсіз жақтары ретінде  туризм, халық өмірінің сапасы және бизнес жүргізудегі ашықтық аталған. Рейтингті есептеу барысын белгілі критерийлерге сүйенген. Олар: экономиканың өсу қарқыны, инновация, бизнестегі ашықтық, әлеуметтік сала, халықтың өмір сүру деңгейі, мәдениет, туризм және тарихи мұра

Пікір қосу