«Нұр-Мұқасан» тобының экс мүшесі Мұқасан Шахзодаев әлеуметтік желі арқылы өзінің төртінші рет әке атанған қуанышты хабарымен бөлісті.
«Сүйінші ардақты ағайын! Төртінші ұлдың әкесі болу, не деген баұыт еді. Аллаға сансыз шүкір! Ал ағайын осы ұлым Ел қорғайтын, Елдің қамын ойлайтын азамат болсын деп өздеріңізбен қуанышымды бөлісіп отырған жағдайым бар. Ұлымның еімін қоюға жақсы есімдермен бөліссеңіздер»,- деп жазды Мұқасан Шахзодаев.