Ғаламтор желісінің жұлдыздарына айнала білген, «Yuframe» вайнерлер тобы әзіл жанрындағы қысқа бейнероликтерін қаржы көзіне айналдырған. Олар бейнероликтер арқылы бір жыл ішінде 30-35 млн теңге көлемінде қаражат түсірген. Бұл туралы Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына келгенде айтып берді.

-«Біз бұл туралы жақында ғана «Forbes» журналына ақпарат  берген болатынбыз. Бір жылда 30-35 млн теңгедей табыс көрдік. Алайда, біз қазіргі таңда үлкен ұжымбыз. Әр адамның өзіндік жауапкершіліктері бар. Мемлекетке де салық төлеп тұрамыз»-, дейді вайнерлер.

 

 

Пікір қосу