Алтынай Жорабаева Ләйлә Сұлтанқызының » The Эфир» бағдарламасына не үшін бармағандығы, кикілжің неден туындаған Stan.kz сайтының тілшісіне баяндап берді.
«Ләйләмен сөйлескен кезде сені тікелей эфирге шақырамын деді. «Қойшы, қазір барлығы жеке өміріме қатысты болып кетеді деп едім, жо-жоқ ондай сұрақтар болмайды», – деді. Әке-шешеңді шақырып, қыздарымды шақырып сондай бір әсерлі сұхбат болсын деді. Жарайды, мақұл деп келістім. Тек отбасылық сұрақтар болмасыншы дедім. Содан кейін әке-шешем, бауырым, құрбымды ұшақпен алып келдік», – дейді Алтынай.
Бағдарламаның Ақбота Сейітмағамбеттің қатысқан бөлімін көріп, Алтынай Ләйлә Сұлтанқызына қайта хабарласып, Ақбота Сейітмағамбеттікі секілді жеке отбасылық мәселелеріне араласпауын тағы да сұрап, «сюрприз болмасын» деп ескерткен. Ләйлә Сұлтанқызының сұхбат барысында ешқандай ол тақырып бойынша әңгіме жүрмейді деген сөзінен кейін Алтынайдың жаны тынышталған.
«Содан кейін киім таңдап, бағдарламаның студиясына сай киінейін деп парақшасына кірсем, үстіме су құйып жібергендей болды. Өйткені, сол кезде ғана мен жайлы жазған мәтінді оқыдым да еңіреп тұрып жыладым», – дейді әнші.
Сол сәтте әншінің жанында ата-анасы, ет-жақындары болған. Алтынай мән-жайдың барлығын түсіндіріп, желідегі жазбадан кейін бағдарламаға қатысудан бас тартады. Тіпті, өзінің Instagram-дағы парақшасы арқылы бармайтыны жайлы арнайы пост жариялайды. «Жанайқайымды жазып, жылап жатып қалдым. Түнгі сағат 1-де директорым үйге келіп тұр. «Алтынай ханым, мына постты өшірсінші, алып тастасыншы деп» бір кісілер шығып өтініп жатыр деді. Бір сыйлы ағамыз екен. Сол кісіні сыйлаған соң, өшірдім», – дейді ашуға булыққан әнші.
Арадағы орын алған түсініспеушіліктен кейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы хабарласпаған да, тіпті, екеуі бетпе-бет жүздеспепті.
Лəйлə нағыз көргенсіз адам. Шенеуніктің арқасында тоқал боп талтаңдап жүрген адам.