Атырау облысында ауыр дертке шалдыққан Әнелмен оның сүйіктісі Марленнің махаббат дастаны бүкіл Қазақстанды таңғалдырып, жүректерін елжіреткен болатын.  Төсекке таңылған ғашығына 7 жыл бойы қолдау көрсетіп, бірге күрескен Марлен халық арасында батыл жігіт ретінде бағаланды.

Алайда, қоғам арасында бұл екі жұпты сынаушылар, жағымсыз пікір айтушылар жоқ емес.  Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылған болатын.

Әнел мен Марлен әркімнің өз пікірі бар екендігінің, алайда  сын айтушыларға ойланып сөйлеулерін сұрайды. Болашақта Әнел өзінің басынан өткен тағдыры, өлім мен өмір арасында жатқан кезінде Марленнің қолдауы, бұл қиындықпен қалай күрескендігі туралы кітап жазбақшы. Марлен де Әнелдің бұл ойына, әдеттегідей, қолдау көрсететіндігін айтты.

Ескере кетсек, бұл жұпқа арнап белгілі әнші Ернар Айдарда «Күнім сен сөнбеші» әніне бейнебаян түсірген болатын.

Пікір қосу