Шығыс Украинаға барып сепаратистер жағында соғысқаны үшін Семей тұрғынның үсітнен қылмыстық  іс қозғалған. Бұл туралы juldyz.kz сайты №2 Семей сотының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот  Ш. есімді азамат  287,172 бап бойынша сотталып  3 жыл  6 айға шартты түрде бас бостандығынан айрылған. Және  пробациолық бақылауға алынды.  Бұл Қазақстан азаматы өзін-өзі ДХР деп жариялаған Украинаның шығысындағы  Донецк облысына барып әскери дайындықтан өткен. Сепаратисттер жағында Украина әскеріне қарсы соғысқан. Соттың мәліметінше 2016 жылыдың желтоқсанында Қазақстанға оралған Ш. 2017 жылдың ақпан айында заңсыз түрде «Макаров» писаталетін Павлодар қаласында заңсыз сатқан.

Пікір қосу